Алматылық Қайрат командасының алғаш Чемпиондар лигасына жолдама алған тарихи сәтін қазақ жанкүйерлері ұмытпайды. Плей-офф ойындарының шешуші сәтінде Шотландияның Селтигін пенальти сериясында қапы қалдырғаны, қақпашы Темірлан Анарбековтың ерлігі бөлек әңгіме.
Қазір қазақстандық команда үздіктердің қатарынан көрініп, топтық ойындар өткізіп жатыр. Қазіргі жағдай мәз емес, әрине. 5 ойын өткізген құрамаға қалған 3 ойын аса маңызды. Барлығынан ұпай алу үшін үлкен күш қажет. Талап, тактика, жүйе барлығы Рафаэль Уразбахтиннің командасынан табылуы қажет.
Иә, «Қайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнап жатыр. Бұған дейін Қазақстаннан тек Астана ғана (2015/16) топтық кезеңде өнер көрсеткен, ол кезде олар 6 ойынның төртеуінде тең ойнап, екеуінде жеңілген.
Ал Қайрат 4 турда сырт алаңда Италияның Интеріне қарсы ойнап, 2-1 есебімен жеңілген болса, кешеі Копенгагенмен ойын сіз бен бізге толық белгілі.
Енді өз үйінде «Олимпиакосқа», одан соң «Брюггеге» қарсы болса, қорытынды ойын сырт алаңда лондондық «Арсеналмен» кездеседі. Үшеуі де маңызды ойын. Егер барлығында жеңіске жетсе 1/16 ойындарына жолдама алуға мүмкіндік туады. Сондықтан жерлестерге тек жеңісті күндер тілейміз.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ойындар Алматыдағы «Орталық стадионда» өтіп келген болса, қалғаны «Астана Аренада» болады.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!