Қызылордалық «Қайсар» жаңа маусымға дайындығын бастады. Жаңадан тағайындалған бас бапкер Сұлтан Әбілдаев өзге бапкерлерге қарағанда ерте қимылдады. Ел клубтары жылдағы әдетіне орай оқу жаттығу жиынын қаңтар айында бастайды. Әбілдаев бапкер желтоқсандағы жаттығуға 18 футболшыны шақыртыпты.

Қақпашылар: Нұрымжан Салайдын, Нұрмат Сәрсенов;

Қорғаушылар: Олжас Алтаев, Алдан Балтаев, Абылайхан Төлегенов, Руслан Дүйсенбаев, Елжас Сарбай, Ерболат Серік, Айбол Жахаев;

Жартылай қорғаушылар: Думан Нәрзілдаев, Ислам Әбілқасов, Ерболат Рүстемов, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Бауыржан Мағжан;

Шабуылшылар: Өркен Махан, Шоқан Абзалов, Елжас Алтынбеков.

Айта кетейік, командаға қосылатын өзге футболшылар қаңтар айындағы оқу-жаттығу жиынында қосылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!