Футболдан ел біріншілігінің 5-турында «Қай­сар» «Астана ж-ға» қонаққа барды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесуде қос команда бір-бір голдан соқты.
Алаң иелері матчтың 6-минутында 11 метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алды. Қақпашы Нұрымжан Салайдын Бауыржан Ахаевтың пеналь­тиден тепкен соққысын кері қайтарған, алайда бас төреші Саят Суликанов Бауыржанға 11 метрлік айып добын қайта орындауға мүмкіндік берді. Қайта тебуге талпынған алаң иелері есеп ашып, алға шықты. Кездесудің 13-минутында Дидар Жалмұқан Мағжан Бауыржанның асырған пасын ұтымды пайдаланып, есепті теңестірді.
Дидардың соққан голы кездесудің нүктесін қойды. 5 турда 13 ұпай жинаған «дала қасқырлары» турнирлік кестеде көш басында келеді. Енді қызылордалық команда 22-мамырда «Оқжетпесті» қабылдайды.
Қайсар: Салайдын (к), Бауыржан, Бондаренко, Дылевский (Ануарбеков 80), Сламбеков (Байжанов 72), Құлмағанбетов, Жалмұқан (Алтынбеков 46), Жұмаханов, Сидоренко (Сахалбаев 46), Педро, Диалло (Махан 60).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!