Қызылордалық «Қайсар» Украинаның үздік командасы «Деснамен» жолдастық кездесу өткізді.
«Десна» 1960 жылы құрылған тарихы терең команда. Бірінші және Екінші лиганың бірнеше дүркін жүлдегері. 2018 жылы Премьер-лигаға жолдама алып, өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Украина премьер-лигасында үздік төрт команданың қатарына еніп, Еуро лигаға жолдама алды. Биыл команда біріншілікте киевтік «Динамо» мен «Шахтердан» кейін үздік үштікте келеді.
Аталған кездесу барысында қызылордалық команда құрамында Нұрымжан Салайдын, Ілияс Әмірсейітов, Егор Потапов, Линас Климавичус, Шоқан Абзалов, Думан Нәрзілдаев, Марат Шахметов, Вук Митошевич, Стефан Денкович және Каролис Лаукжямис негізгі құрамда шықты.
Кездесудің жалғыз голын литвалық шабуылшы Каролис Лаукжямис 41-минутта соқты. Ойынның екінші жартысында қос командада гол соғудың қамын қарастырғанымен соңғы сәтте сәттілік жетіспеді. Қорытынды есеп 1-0.
Енді қасқырлар 10 ақпанда ресейлік «Факелмен» шеберлік байқасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!