«Қайсар» футбол клубының футболшылар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесіне барып, жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді.
Футболшылар алдымен әңгіме өрбітіп, жарыстарға, чемпионаттағы ойындарға қалай дайындалатынын айтып, спорттың қоғамдағы рөлін жеткізді. Жолдастық кездесу тартысқа толы өтіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
«Бұл кездесу жазасын өтеушілерге қолдау білдіріп, қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіруге арналды. Біз чемпионаттан тыс осындай кездесулерді ұйымдастырып, бірге футбол ойнауға келістік. Байқауымызша, футболшылармен кездесіп, футбол ойнаған оларға қызық», – деді бапкер Жарқынбек Жоламанов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!