Футболдан Бірінші лиганың 2-турында қызылордалық “Қайсар” “Яссыға” қонаққа барып, кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Қасқырлар ойынның алғашқы бөлігін ширақ бастап, кездесудің 20-минутында есеп ашты. Алаң иелерінің қорғаушысы Аян Құлмағанбетовке қарсы тәртіп бұзып, төреші 11-метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге келген Мамаду Диалло мүлт кетпей, “Қайсарды” алға шығарды.
Матчтың екінші жартысында алаң иелері есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда ойынға тыңнан қосылған Елжас Алтынбеков 85-минутта гол соғып, “Қайсарға” жеңіс сыйлады.
“Яссы” – “Қайсар” 1:2
Голдар: Мамаду Диалло 20 пенальтиден (0:1) , Әлібек Жұмабек 64 (1:1) , Елжас Алтынбеков 85 (1:2) .
“Қайсар”: Салайдын, Жұмаханов, Педро, Горизанов (Бауыржан 71), Құлмағанбетов, Байжанов (Махан 80), Дылевский (Сламбеков 80), Бондаренко, Сахалбаев (Жалмұқан 71), Диалло (Алтынбеков 55), Сидоренко.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!