Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов LifeSport KZ YouТube-арнасына берген сұхбатында Қамшыбек Қоңқабаевтың командаға жақын арада оралатыны туралы айтты.
«Қамшыбек 6 немесе 2 шілдеде жекпе-жекке шығады (кәсіпқой бокста), кейін ұлттық құрамаға қосылып, Азия ойындары аяқталғанша осында болады», – деді Сәтжанов.
Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4КО) кәсіби рингтегі осыған дейінгі жекпе-жегін ақпан айында өткізді. Ол өзбекстандық Фаррух Джураевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Қоңқабаев кәсіпқой боксқа алғашқы қадамын 2020 жылы жасады. Бірақ әуесқой бокстан әлі алыстаған жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!