Ежелгі дәуірде адам аяғын жарақаттаған уақытта оған жіппен байланған арнайы корсет кигізген. Ол аяқтың қозғалуына кедергі жасағанмен ыңғайлы болған. Оны кроссовки деп атаған. Адамдар мұның ыңғайлы екенін түсінген кезде қазіргі «кроссовки» атауына ие спорттық аяқкиім пайда болды. Бүгінде көбі осы аяқ киімді кигенді жөн көреді. Сіз де осы қатардан болсаңыз, қызықты мәліметтер мен кеңестеріне назар аударыңыз.
Былғары, күдері, декоративті элементтері бар, ашық түсті металл қабықпен жасалған аяқ киімдерді кір жуғыш машинада жумаған жөн. Мамандар осылай дейді. Аяқ киімді жуар алдында бауы мен ұлтарағын алып тастап, қолмен жуған дұрыс. Ал кір жуатын машинада бір уақытта 2 жұптан артық жууға болмайды және оларды арнайы қапқа салған дұрыс. Оны 30-40° C температурасына қойып, ең аз айналдыруды таңдаңыз. Ұнтақты жуу қиын, ол дақ қалдыруы мүмкін. Сондықтан сұйық өнімді қолданған дұрыс.
Бұдан бөлек, спорттық стиль сәннен түспек емес. Сондықтан әйелдер мен ерлерге арналған сәнді кроссовканың әртүрлі моделі танымалдылыққа ие. Бұл ретте «дизайнерлер қандай кеңес береді?» деген сауал туындайды. Олар стильді және жайлылық сыйлайтын аяқ киімді таңдауды ұсынады. Сән көрсетілімдерінен осыны аңғарасыз. Ұсынылған аяқ киімдердің арасында монохромды, жарқын, жылтыр және күңгірт реңктер сұраныста. Өткен жылы спорттық аяқ киім дизайнерлері көптеген жаңа өнімдерді ұсынды.Мұнда экологиялық тазалық тенденциясы жаңалық емес. Ол жыл өткен сайын танымал болуда. Брендтерде де көбіне қайта өңделген материалдар пайдаланылуда. Adidas Stan Smith және Air Jordan сияқты танымал жұп қайта оралғанын ескеру керек. Ретро қайта келді десек болады.
Оның үстіне қазір кроссовкалар әмбебап. Енді оны әртүрлі киіммен ғана емес, жылдың кез келген мезгілінде киюге болады. Жылы үлгілері қысқы суықтан құтқарады. Осы жылғы жылы кроссовкалардың ең танымал үлгілеріне аң терісі ендірмесі мен түйіншегі бар түрлері жатады. Мұндай кроссовка барлық киім үлгісіне үйлесе береді.Дизайнерлер классикалық үлгілерді қайтаруды да ойлайтынын жасырмайды, бірақ жаңа интерпретацияда.Алдағы маусымның жаңа тренді – бейнеойындарға негізделген кроссовкалар болмақ, яғни мұнда гейминг-коллаборацияға басымдық беріледі.
Бастысы, мынаны ұмытпаңыз. Баскетболға арналған аяқ киім баскетбол ойнауға арналған. Теннистегі туфли теннис ойнауға арналған. Серуенге арналған кроссовканы серуенге шыққанда ғана кию керек. Бұл тігін шеберханасының сізді көп шығынға батыру үшін жасаған қулығы емес. Әр спорт түріне арналған арнайы өз аяқкиімі болуы қажет. Өндірушілер спорттық аяқ киімді спортшының іс-әрекетін жеңілдететін, оған көмек болатындай барынша пайдалы етіп жасауға тырысады. Аяқ киімнің қандай спорт түрімен айналысуға арналғанына байланысты таңдалғаны маңызды.Егер сіз 2-3 спорт түрімен айналыссаңыз, онда бір әмбебап кроссовкадан гөрі олардың әрқайсысы үшін 2-3 жұп аяқ киім болғаны дұрыс.Өзіңізге кесірі тиетін нашар істің бірі – ескі спорттық аяқ киімді киіп жүгіру. Аяқ-киім сіздің аяғыңыз бен тобығыңызды қорғауға арналған. Бірақ ішкі амортизациялау қабаты сынған кезде денеңіз осының салдарынан зардап шегетінін ұмытпаңыз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!