Қармақшы ауданының қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 22 сәуір күні Қармақшы аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Бірлігі бекем жамағат» тақырыбында үстел теннисінен тартысты сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушылар өзара шеберліктерін сынасты. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар жоғары деңгейде ойын көрсетті.
Сайыс нәтижесінде жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар, арнайы кубок және дипломдар табысталды. Сонымен қатар, белсенді қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылып, олардың белсенділігі мен ынтасы жоғары бағаланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!