Футболдан OlimpBet Қазақстан чемпионатының 16 турында «Қайсар» «Каспийге» қонаққа барды. Ақтауда өткен кездесу қасқырлар үшін сәтті аяқталды.
Владимир Никитенконың шәкірттері кездесу басталысымен сауатты ойнап, қарсылас қақпасына 4 гол соқты. Алдымен Кларенс Битанг қарымта шабуылдан есеп ашса, шабуылшы Каролис Лаукжемяс дубль авторы атанды. Команда капитаны Думан Нәрзілдаев Милошевич қорғаған қақпаға 4 голды соғып, командасының жеңісіне үлес қосты.
Алаң иелері «Қайсардың» соққан 4 голына екі голмен ғана жауап қайтарды. Қорытынды есеп 4-2 қасқырлардың пайдасында. Енді Никитенко шәкірттері 23 маусымда «Тобылды» қабылдайды.
«ҚАЙСАР» ФК баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!