Құмжиек ауылдық округіндегі Сейітқұлтегі Ақшаұлы Шал бабаның туғанына 400 жыл толуына орай өтіп жатқан жатқан ас, ат бәйгесіне жалғасты.
Жан-жақтан кіл мықты шабандоздар бас қосқан бәйге тартысты өтті. Таң сәріден ауыл шетіне жиналған көпшілік ең әуелі тай бәйгесіндегі сәйгүліктердің шабысына куә болды. Мұнан соң құнан, сосын тоқ және аламан бәйгесіне жалғасты. Мәре сызығын бірінші кескен үздік шабандоздар арнайы тағайындалған жүлделерге ие болды.
Айта кетейік, ұйымдастылған тай бәйгенің жүлде қоры – 150 мың теңге, құнан бәйге – 300 мың теңге , кілем жабылған тай және тай, тоқ бәйге – 1 миллион теңге, тайлақ және кілем, 300 мың теңге болды. Ал басты аламан бәйгенің жүлдесіне 1 миллион 300 мың теңге, 500 мың теңге, кілем жабылған түйе, кілем жабылған тайлақ, 300 мың теңге және 2 тай тігілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!