Үндістанның астанасы Дели қаласында ересектер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада үш қазақ балуаны чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Мейіржан Берекетов финалда грузин балуанын жеңіп, әлем чемпионы атаны.

Тағы бір қазақстандық балуан Нұр Аманшүкіров 66 келі салмақ дәрежесінде күресіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Финалдық белдесуде ол Грузия спортшысын жеңіп, алтын жүлдені иеленді.

Жұмажан Қожамбеков те қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды. Үндістанда өткен әлем чемпионатында 74 келі салмақта күрескен отандасымыз финалда тәжік балуанын ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!