Сербиядағы Belgrade winner халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы 13 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте көш бастап қайтты, – деп хабарлайды Massaget.kz. 

Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыста 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Биыл 62-рет өтіп отырған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан аталған жарысқа барлығы 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей жеңілді.

71 келі салмақта бақ сынаған Нұрбек Мұрсал жарыстың үздік боксшысы атанды.

🥇Нұрғиса Тұрабеков (48 келі)
🥇Рамазан Нұрлыбаев (51 келі)
🥇Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі)
🥇Жансері Көшербаев (60 келі)
🥇Нұрбек Мұрсал (71 келі)
🥇Санжарәлі Бегалиев (75 келі)
🥇Дәурен Мамыр (86 келі)
🥇Нұрасыл Асылхан (+92 келі)

🥈Бексұлтан Боранбек (54 келі)
🥈Илья Калинин (67 келі)
🥈Бақберген Әлиасқаров (75 келі)
🥈Ильяр Аширов (80 келі)

🥉Бекзат Мақжан (63.5 келі)

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!