Оған Түркия чемпионатынан қызығушылық болғанын журналист Дмитрий Зимин хабарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Журналист бұл туралы қызықты оқиғаны еске түсірген. Оның сөзінше, біраз уақыт бұрын түнгі сағат бесте «Зенитке» қоңыраулар мен хабарламалар келген. Ол Санкт-Петербургке емес, Иркутскідегі «Зенит» клубына болған. Әуелгіде хат екі клубтың ортақ шаруасы болып көрінген. 

Кейін Иркутск «Зенитінің» ресми электронды поштасына шетел тілінде жазылған хат келгені белгілі болды. Хаттың мазмұнын аудармашы «Сіздерде Нұралы Әліп ойнай ма? Бұл хат соған қатысты. Түркиядан келген…» деп аударып берген. 

Дмитрий Зиминнің айтуынша, Иркутск клубы жағдайды тез түсініп, хатты әріптестеріне, яғни Санкт-Петербургтегі «Зенитке» жолдаған. Себебі, түрік тарапы Иркутск пен Санкт-Петербургті шатастырып алған. 

Десе де, Нұралы Әліп «Зениттен» кетпеді. Журналист бұл жайтты электронды мекенжайларды шатастырудың салдары деп түйіндейді. 

Еске салайық, Нұралы Әліп «Зенит» сапына 2023 жылдың қаңтарында қосылды. Өткен маусымда Қазақстан құрамасының капитаны санкт-петерборлық клуб құрамында 19 матч өткізіп, 1 гол соқты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!