фото: дереккөз
Отандасымыз Әнел Сытдықова ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып Антарктиданың мұздай суы арқылы жүзіп өтті, деп хабарлайды Halyq Uni Instagram-дағы Sportministri парақшасына сілтеме жасап.
Ол 750 метр қашықтықты 18.58.95 минутта бағындырған. Бұл уақытта судың температурасы -1,4 градусты көрсеткен.
Айта кетсек, Әнел Сытдықова Антарктидада болған 10 күннің ішінде жүзу үшін қолайлы сәтті күткен. Оның үстіне кемеде басқа 150 жолаушы болғандықтан, корабль тәртібін де сақтау керек еді.
Антарктиданың суларын жүзіп өттік. Мен үшін бұл өте салқын болды. Судың салқындығы -1,4 градус болса, желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырым еді. Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүзудің әсері бөлек. Антарктида мұздай құшағын ашқан аз ғана адамның қатарында болу – мен үшін ерекше оқиға, – дейді Әнел Сытдықова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!