Қазақстанның әйелдер құрамасы Шри-Ланкада өткен бокстан жасөспірімдер (U-18) арасындағы Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері финалға шыққан барлық жекпе-жекте жеңіске жетті. Оның ішінде бес спортшы қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты.
18 жасқа дейінгі Азия чемпиондары:
Айым Танкібаева (48 кг дейін);
Сила Биболсынқызы (50 кг дейін);
Рахмина Абдүмежитова (52 кг дейін);
Жанель Имантайева (54 кг дейін);
Ақнұр Тұрсынғали (57 кг дейін);
Толғанай Қасымхан (60 кг дейін) – бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті;
Алина Құдайгенова (63 кг дейін) – нокаутпен жеңді;
Ақбота Есімбекова (66 кг дейін) – бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті;
Мария Сидоренко (70 кг дейін) – қарсыласы бірінші раундта жекпе-жектен бас тартты;
Зарина Төлебай (75 кг дейін);
Күралай Егінбайқызы (81 кг дейін) – бірінші раундта нокаутпен жеңді;
Сабина Жақсылық (81 кг жоғары).
Айта кетейік, Шри-Ланкада 18 және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты қатар өтіп жатыр. Жалпы 50 финалдық жекпе-жектің 47-сіне қазақстандық спортшылар шықты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!