Фото: Спорт комитеті
Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден U19 бен U23 Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар ел қоржынына 1 күміс, 1 қола медаль салды.
23 жасқа дейінгі санаттағы 2000 метрге төрттікте ерлер командасы мәреге екінші жетіп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.
Күміс жүлдені Дидар Сағымбаев, Тимур Фомичев, Владислав Галкин, Иван Чернухин бастаған команда мүшелері иеленді.
Ал дәл осы санатта Қазақстан әйелдер құрамасы мәре сызығына үшінші болып жетіп, қола медаль еншіледі.
Әйелдер командасының сапында Мелани Жакупова, Анжела Полянина, Валентина Волкодавова, Анастасия Кулинич сынға түсті.
Шэньян қаласындағы чемпионатта 19 елден келген 300-ден астам спортшы сынға түсіп жатыр.
Жарыс әлі жалғасып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!