SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды. Бұл туралы kkf.kz сайты жазды.

Ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында жарияланды, сондай-ақ Нұрсұлтан Құрман бұл жаңалықпен өз Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында да бөлісті.

Нұрсұлтан Құрман отандық спорт қауымдастығына бұрыннан таныс тұлға. Бұған дейін ол 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!