Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 20 желтоқсанда, ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы өтті. Онда қазақстандық футболдың жаңа басшысы анықталды. Көпшілік дауыспен ҚФФ президенті болып Марат Омаров сайланды – 36 дауыстың 34-ін алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясын Әділет Барменқұлов басқарған болатын. Ол 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында ҚФФ басшысы қызметінен кеткен еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!