Фото: Пресс-служба Казахстанской федерации футбола

Sputnik. Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңін Испанияға қарсы ойынмен бастады.

Командалар «D» тобының бірінші туры аясында Әндіжанда кездесті. 7 секундта «Қайрат» ойыншысы Біржан Оразов ойында есеп ашты.

17-минутта испандықтар есепті теңестірді. Гордильо Игитаның қақпасына соңғы нүктені соқты. Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

«D» квартетінде қазақстандықтар Ливия (18 қыркүйек) және Жаңа Зеландия (21 қыркүйек) құрамаларымен де ойнайды.

Әр топтан үздік екі команда және үшінші орын алған төрт үздік команда плей-офф кезеңіне өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!