Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі – алтын жүлде.
Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақта Бағдат Сабаз және 72 келіде Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды.
Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
