Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан құрамасы 2026 жылы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы жарысты ресми түрде аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Біздің спортшылар үшін соңғы сайыс – әйелдер арасындағы 50 шақырымдық классикалық стильдегі шаңғы жарысы болды. Бұл бәсекеде Надежда Степашкина мен Анна Мельник өнер көрсетті. Надежда Степашкина 32-нәтижені көрсетті. Ал Анна Мельник мәреге жете алмады. Себебі жарыс көшбасшысы оны бір айналымға озып кетті.
Шаңғы марафонында алтын медальді швециялық Эбба Андерссон иеленді. Күміс медаль норвегиялық Хейди Венгке бұйырды. Ал швейцариялық Надя Келин қола жүлдегер атанды.
Қазақстан атынан Олимпиадаға спорттың 10 түрі бойынша 36 спортшы қатысты. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында (жарыстар әлі толық аяқталмағанына қарамастан) Қазақстан Бразилиямен бірге 19-орынды бөлісіп тұр. Екі елдің қоржынында бір алтын медальдан бар.
Қазіргі таңда Италиядағы Олимпиадада 30 елдің спортшылары жүлде алды (санкцияларға байланысты Ресей ресми есепке кірмейді). Жалпы ойындарға 95 елден спортшылар қатысуда.
Топ-10 қатарына енген қазақстандықтар:
- Надежда Морозова (конькимен жүгіру) – 3000 метрде 6-орын;
- Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метрде 7-орын;
- Илья Мизерных (трамплиннен секіру) – үлкен трамплинде 8-орын;
- Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда 8-орын;
- Евгений Кошкин (конькимен жүгіру) – 500 метрде 9-орын;
- Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын;
- Елизавета Голубева (конькимен жүгіру) – 1500 метрде 7-орын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!