Фото: Альберт Ахметов / Kazinform


«Қайрат» командасы 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер лигасындағы ең көп жанкүйер жинаған клуб атанды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Kazfootball.kz спорттық порталының мәліметінше, биылғы маусымда «Қайраттың» ойындарына жалпы саны 241 194 жанкүйер келген. Нақтырақ айтқанда, әр матчқа орта есеппен 9 277 көрермен жиналып отырған. 

Айта кетейік, алматылықтар бұған дейін де көрермен саны бойынша бірнеше рет көш бастаған. «Қайрат» үздік көрсеткішке 2015–2017 жылдары қатарынан үш маусым бойы және 2021 жылы қол жеткізген. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!