Доха (Қатар) қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар:

  • Әйелдер арасындағы «скит» сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар, дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды. Одан бөлек, әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты.
  • Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!