Фото: ҚТФ

Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында есеп 3:0-ге жетті, деп хабарлайды KAZINFORM.

Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.

Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 3 эйс эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ку Ен Ву 4 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!