Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 392 медаль иеленіп, ел спортының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл көрсеткішке олимпиадалық, паралимпиадалық, дәстүрлі және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жеткен жетістіктер кіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Параспорттағы тарихи жеңіс
Параспортшылар аталған мерзім ішінде 68 медаль жеңіп алған. Оның ішінде:
- 30 – алтын
- 19 – күміс
- 19 – қола.
Ербол Хамитовтың парабиатлоннан әлем кубогі қорытындысы бойынша Хрусталь глобусқа ие болуы – Қазақстан тарихындағы алғашқы жағдай. Бұл жеңіс – ел спорты үшін маңызды белес.
Олимпиадалық спорт түрлері: 227 медаль
Олимпиадалық спорт өкілдері барлығы 227 медаль иеленді:
- Жазғы спорт түрлері – 189 медаль:
– 62 алтын
– 66 күміс
– 61 қола
- Қысқы спорт түрлері – 38 медаль:
– 8 алтын
– 17 күміс
– 13 қола
Айрықша оқиғалар:
- Назым Қызайбай Сербияда өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында үшінші рет чемпион атанып, Қазақстан бокс тарихына енді.
- Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп, Қазақстанға Милан-2026 Олимпиадасына лицензия алып берді.
- Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин әлем кубогі кезеңінде екі мәрте топ жарып, бейресми әлем рекордын жаңартты.
Олимпиадалық емес спорт түрлері: 50 медаль
Осы бағытта спортшылар:
- 31 алтын,
- 14 күміс,
- 5 қола медаль еншіледі.
Дәстүрлі спорт түрлерінен – 47 медаль
Қазақстанның байырғы ұлттық спорт түрлерінен де тамаша нәтиже тіркелді:
- Қазақ күресі – 20 медаль (16 алтын, 2 күміс, 2 қола)
- Жамбы ату – 5 медаль (1 алтын, 2 күміс, 2 қола)
- Дәстүрлі садақ ату – 12 медаль (3 алтын, 3 күміс, 6 қола)
- Теңге ілу – 4 медаль (3 алтын, 1 күміс)
- Аударыспақ – барлық салмақ дәрежесі бойынша 6 алтын медаль
Жалпы қорытынды:
392 медаль:
- 160 алтын
- 124 күміс
- 108 қола
Қазақстан спортының серпіні
Соңғы жылдары Қазақстан спорты жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекет тарапынан спорт инфрақұрылымына, жаттықтырушылар құрамына, жастар дайындығына бөлінетін қаржының ұлғаюы нәтижесінде ел құрамасы халықаралық аренада тұрақты нәтиже көрсетіп келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!