Фото: Olympic.kz
Париж Олимпиадасында 10 тамыз, сенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың төрт түрінен — еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды, – деп хабаралады Қазақпарат.
Алдымен 14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі.
Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған.
Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.
19:35–те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды.
Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған
Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.
20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 34-орында тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!