Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, енді ол мансабында алғаш рет WTA әйелдер арасындағы жекелей разряд рейтингінде екінші орынға көтеріледі, – деп хабарлайды Tengri Sport Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Шешуші сеттегі камбэк: Рыбакина америкалықты қалай жеңді
1/4 финалдағы матчте қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуламен (№5) кездесті. Бірінші сетте қазақстандық 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Екінші партия Рыбакинаның пайдасына 7:6(4) есебімен аяқталды. Айта кетерлігі, америкалық теннисші 4:1, 5:4 және 6:5 есебімен алда болған, алайда қазақстандық жағдайды өз пайдасына өзгерте алды. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Финалға шығу үшін Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасы украиналық Элина Свитолинамен ойнайды. Ол ширек финалда польшалық теннисші әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті турнирден шығарып тастаған. Матч 14 наурызда өтеді.
Жаңа белес: Рыбакина алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы болады
live-tennis.eu деректеріне сәйкес, жеңістен кейін Елена Рыбакина WTA әйелдер арасындағы жекелей разряд рейтингінде екінші орынға көтеріледі.
Скриншот live-tennis.eu сайтынан
Енді Рыбакинада 7523 ұпай, Швентекте — 7413, ал рейтинг көшбасшысы Беларусь өкілі Арина Соболенкода — 10415 ұпай бар.
Рейтинг ресми түрде келесі аптада жаңартылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
