Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Финалда отандастарымыз Иран құрамасын 8:1 есебімен тізе бүктірді.
- Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
- Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
- Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи 3:0.
Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
