Фото: ҚТФ

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды КAZINFORM.

Қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда камбэк жасап, Қытайлық Тайбэйді 2:1 есебімен жеңді.

Алғашқы тартысты бәсекеде Бексұлтан Бауыржанов Йенг Ценгке есе жіберді — 4:6, 6:4, 6:7 (4:7).

Екінші ойында Ахмади Мақанов Хуан Цайдан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді.

Матч тағдыры жұптық сында шешілді. А.Мақанов Хақназар Жеткербаймен бірге Цай — Чанмен бәсекеде жеңісті жұлып алды — 6:3, 4:6, 10:6.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан құрамасының капитаны Сағадат Аяп Азия — Тынық мұхит аймағында бәсекелестіктің жоғары болғанына қарамастан, жаңа табысқа қол жеткізгендерін атап өтті.

— Бұл — Қазақстан теннисі үшін маңызды жеңіс. Ел намысы үшін аянбай күрескен шәкірттеріме ризамын. Енді алдағы әлем чемпионатына мықтап дайындаламыз, — деді С. Аяп.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!