Sputnik. 2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.
19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.
«Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесу өткізді. Нәтижесінде 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды», – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтетіні белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!