Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев чемпиондар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлемді 306 мың теңгеге дейін көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Вице-министрге чемпиондар, жүлдегерлер мен жаттықтырушыларды өмір бойы материалдық қамтамасыз ету мөлшерін 100 АЕК-ге (306 300 теңге) дейін өсіру жобасын қарауды тапсырамын», – деді Дәурен Абаев. 

Қазір қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада чемпиондары мен жеңімпаздарына өмір бойы берілетін төлем мөлшері 24 АЕК-ге тең.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!