Ел тұрғындарының 40 пайыздан астамы спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Туризм және спорт министрлігінің деректеріне сүйенсек, елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындарының саны тұрақты түрде өсіп келеді. Мәселен кейінгі үш жылда (2021-2024) спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 24 пайызға артып, 8,4 миллион адамға жеткен.
«Бұл – ел халқының 40 пайыздан астамы. Ең маңыздысы бұл көрсеткіш әлі де өсіп келеді. 2021 жылдан бастап дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған мемлекеттік инвестиция көлемі екі еседен аса өсіп, 2024 жылы 153 миллиард теңгеден 315 миллиард теңгеге жетті. Бұл қаражат еліміздің түкпір-түкпірінде спорт нысандарын салу мен жаңғыртуға, спорт секциялары мен үйірмелерін қолдауға, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ, білікті кадрларды даярлауға бағытталып отыр», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!