фото: Shaiba.kz

АҚШ-тың Робертсон кубогы үшін өткен финалдық матчта «Бисмарк Бобкэтс» командасы «Лоун Стар Брамас» клубын 4:2 есебімен жеңіп, беделді трофейді иеленді, деп хабарлайды 1bol.kz ақпараттық агенттігі Shaiba.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған ойында «Бисмарк» сапындағы қазақстандық шабуылшы Александр Ким қарсылас қақпасына бір шайба соқты.

19 жастағы хоккейші биылғы маусымда Солтүстік Америка хоккей лигасының (NAHL) тұрақты чемпионатында 44 матч өткізіп, 28 (17 гол, 11 пас) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңінде 13 кездесуде 7 (4+3) ұпай еншіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!