Фото: Sports.kz
Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (21-1,16КО) бүгін Ирландияда өткізген кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Алидің қарсыласы француз Пьер Юбер Дибомбе болды. Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңісі.
Айта кетейік, бокс кеші Ирландияның Дублни қаласындағы 3Arena кешенінде өтті. Басты жекпе-жекте жергілікті боксшы Каллум Уолш польшалық Пшемыслав Руновскиймен жұдырықтасып, WBC Continental Americas Super Welter белдігін сарапқа салды.
Бокс кеші Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің «360 Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтті.
Еске сала кетйік, бұл – Әли Ахмедовтың осы жылдағы үшінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Айта кетсек, бүгін Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы басталды. Аталған сары құрлық додасы елімізде алғаш рет жалауын желбіретіп отыр. Жарыстың ашылу салтанаты 21 қыркүйек, сағат 17:30-да А.Асанов атындағы ату кешенінде өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!