Фото: ҚР Ауыр атлетика федерациясы
Бүгін Қатар астанасы Доха қаласында біздің ауыр атлет қыздарымыз 55 кг салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZINFORM ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дарья Балабаюк қоссайыстың жалпы есебінде 185 кг (83 кг серпе көтеру және 102 кг жұлқа көтеру) нәтижемен үш күміс медаль жеңіп алды .
Берікбол Нұрсила қоссайыстың жалпы есебінде 165 кг (72+93) нәтижемен қола медальға ие болды .
Халықаралық аренада табысты өнер көрсеткен спортшыларымызды құттықтаймыз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!