KAZINFORM – Қазақстандық балуандар 19–26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында U17 және U23 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен мәлім еткеніндей, жалпы медальдық есепте қазақстандық құрамалар күрестің үш стилі бойынша 13 алтын, 12 күміс, 13 қола, барлығы 38 жүлде жеңіп алды.

U23

Грек-рим күресі:

I орын – Ерасыл Мамырбеков (55 кг),

I орын – Исхар Курбаев (60 кг),

I орын – Бағдат Сабаз (67 кг),

I орын – Ақжан Ықыласов (77 кг),

II орын – Мақсат Сайлау (87 кг),

II орын – Юсуф Мациев (97 кг),

II орын – Джохар Узоров (130 кг),

III орын – Диас Қалтай (82 кг).

Еркін күрес:

I орын – Маис Алиев (70 кг),

II орын – Мерей Базарбаев (61 кг),

II орын – Елнар Шілдебай (86 кг),

II орын – Нұрдәулет Бекенов (97 кг),

III орын – Нұрдәулет Сейілбеков (74 кг),

III орын – Асхаб Хаджиев (79 кг),

III орын – Әлімжан Сәлімжан (125 кг).

Әйелдер күресі:

I орын – Виктория Хусаинова (59 кг),

III орын – Зейнеп Баянова (53 кг),

III орын – Ангелина Первухина (55 кг),

III орын – Тыныс Дүбек (62 кг).

Командалық есеп:

Грек-рим – I орын.

Еркін күрес – II орын.

Әйелдер күресі – III орын.

U17

Грек-рим күресі:

I орын – Қуанышбек Жанажол (45 кг),

I орын – Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг),

I орын – Дамир Ақан (60 кг),

I орын – Досбол Шамиль (65 кг),

II орын – Сұңқар Зарап (51 кг),

II орын – Әділет Тойшы (92 кг),

III орын – Ислам Гасымов (71 кг).

Әйелдер күресі:

I орын – Жайдар Мұқат (61 кг),

II орын – Сәния Сұлтанғали (49 кг),

II орын – Мадхия Усманова (57 кг),

III орын – Іңжу Баққожа (40 кг),

III орын – Нұрайым Саяхмет (65 кг).

Еркін күрес:

I орын – Ибрахим Ысқақбек (55 кг),

I орын – Бекасыл Асамбек (60 кг),

II орын – Сабыржан Рахатов (45 кг),

II орын – Нұртай Наров (71 кг),

III орын – Темірлан Мұрат (48 кг),

III орын – Дінмұхаммед Қасымбек (80 кг),

III орын – Бейбарыс Ерғали (92 кг),

III орын – Риза Изахар (110 кг).

Командалық есеп:

Грек-рим – II орын.

Еркін күрес – I орын.

Әйелдер күресі – IV орын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!