Фото: sports.kz
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек екінші жартылай жеңіл салмақта әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0,12КО) WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік бес боксшының қатарына кірді. Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын боксшы соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шешімімен ұтып, мансабындағы он жетінші жеңісіне жеткен еді. Осы жеңіс Сұлтанды әлемдік рейтингте жоғарылатып, бұрынғы чемпион Луис Гарсияның алдына шығарды.
Сұлтанның салмағында америкалық Ламонт Роуч чемпион болса, бірінші орында Отар Эраносян, екінші және үшінші орында Джоно Кэрролл мен Ли Вуд тұр.
Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек Англияда, әлемнің даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!