Фото: olympic.kz
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалда өнер көрсетіп, тоғыз отандасымыз финалға шықты.
- 48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай жапондық Казума Аратакені сенімді түрде жеңді.
- 54 келіге дейін: Махмұд Сабырхан тайландтық Саравут Сукхтеттен басым түсті.
- 57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов моңғолиялық Лундаа Гантумурды жеңіп, финалға өтті.
- 67 келіге дейін: Дулат Бекбауов тәжікстандық Шухрат Саломатовтан айласын асырды.
- 71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов тағы бір тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровты жарыстан шығарды.
- 75 келіге дейін: Диас Молжігітов украиналық Павло Илюшаны жеңіп, финалға жолдама алды.
- 80 келіге дейін: Өкінішке ұарай, Ерасыл Жақпеков өзбекстандық Турабек Хабибуллаевқа жол берді.
- 86 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов украиналық Данило Жасанды жеңіп, финалға шықты.
- 92 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Туймяо Люді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға өтті.
- 92 келіден жоғары: Айбек Оралбай өзбекстандық Джаһонгир Зокировты жеңіп, алтынға таласатын болды.
Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!