Фото: pixabay.com
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына тағы екі жүлде түсті.
Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта 3-орын үшін өзбекстандық Мусо Собировпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық спортшы қарсыласын иппон әдісімен жеңіп кетті. Нәтижесінде дүбірлі додада қола жүлдеге қол созды.
Абылайхан іріктеу сатысында Гонконг және Бахрейннен келген қарсыластарын қапы қалдырды.
Жартылай финалда тәжікстандық Сомон Махмадбековке есе жіберіп қойды.
Сондай-ақ, дзюдодан Есмигүл Куюлова (63 келі) тағы бір қолаға ие болды. Ол 3-орын үшін сайыста жапониялық Киёми Ватанабені жеңді.
ҚазАқпарат
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!