Фото: olympic.kz
Асыл Айтақын мен Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
61 кг cалмақта бақ сынап жатқан Асыл Айтақын жартылай финалда Акаш Дахияны (Үндістан) 11:0 есебімен жеңді. Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.
Ал Азамат Дәулетбеков (86 кг) жартылай финалда қытайлық балуан Пейлон Лиді 11:0 есебімен ұтты. Енді Дәулетбеков ақтық сында Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевпен белдеседі. Жеңетін болса, Азияның үш дүркін чемпионы атанады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!