Фото: qaz_team_official и boxingkazakhstan
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жарыс күні Қазақстаннан екі спортшы рингке шықты.
Алдымен Оразбек Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Мохамад Зүльхайнмен жұдырықтасты.
Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ мерзімінен бұрын, нокаутпен ұтты.
Оразбек енді ¼ финалдық кездесуін 5 желтоқсан күні өткізеді.
Сондай-ақ Бейбарыс Жексен 60 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дилшод Абдумуродовпен қарсы келді. Бірінші раундта Бейбарыс 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші кезеңде төрешілер басымдықты түгелдей Б.Жексенге берді. Қорытынды есеп – 4:1, Бейбарыстың пайдасында.
Осылайша, Бейбарыс Жексен де ширек финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында жарыс басталмай жатып Қазақстанның 6 медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ¼ финалына жолдама алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!