фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақстандық футболшы Лев Скворцов өз болашағын анықтап, маусым соңына дейін Түркияның «Серикспор» клубымен келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Серикспор» — Түркияның бірінші лигасында ойнайтын команда. Қазіргі уақытта клуб 19 турдан кейін 26 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орында тұр.
Бұған дейін Скворцов «Ақтөбе», «Тұран», «Атырау», «Астана», сондай-ақ Ресейдің «Шинник» және «Химки» командаларында өнер көрсеткен. 2023–2024 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған.
Өткен маусымда ол «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде 22 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!