Sputnik. Қазақстандық каратешілер Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жастар арасындағы турнирде 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан каратэ федерациясына сілтем жасап.

Биыл А сериясындағы жарыс алғаш рет Фуджейра қаласында ұйымдастырылды. Оған 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы келді. Ал Қазақстанның атынан 140 каратэші сынға түсті. Олар барлығы 11 медаль (4 алтын, 7 қола) жеңіп алды.

Чемпиондар:

  • Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17, 55 келі, кумитэ);
  • Нұрасыл Нұрсейіт (U14-15, 52 келі);
  • Сұңқар Қанибек (U14-15, -70 келі);
  • Аяулым Тілектес (-47 келі).Қола жүлдегерлер:
  • Ақниет Шеризат (U21,- 55 келі);
  • Гүлнұр Қойшыбай (U16-17,- 59 кг);
  • Әмір Кеңесбай (U14-15,- 52 келі);
  • Руслан Еркін (-57 келі);
  • Батыр Әділ (-57 кг);
  • Арнұр Мұрат (U12-13, -45 келі);
  • Инсар Ахмадиев (-50 келі).

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 4-сатыға жайғасты. Ал Ресей, Иран мен Мысыр алға шықты.

Айта кетері, жастар арасындағы серияның келесі кезеңі Гвадалахара қаласында (Испания) өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!