Фото: ISU

Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Қазақстандық спортшы Надежда Морозова әйелдер арасындағы 1 500 метрге жүгіруден сәтті өтті. 

Ол аталған қашықтықты 1 минут 54,98 секундта бағындырды. Бұл күміс жүлдені жеңіп алуға жеткілікті болды. 

Алтын жапониялық Мико Такагидің еншісінде кетті. Жарыс жеңімпазы екінші орын алған отандасымыздан 0,03 секунд бұрын келді. Ал, норвегиялық конькиші Рагне Виклунд 1 минут 55,18 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді. 

Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева 8-орын алды – 1:56.84.

Хамардағы әлем кубогының кезеңі конькимен жүгіруден Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстарының бірі саналатынын айта кеткен жөн.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!