Қазақстандық еркін күрес палуаны Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

74 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде Нұрқожа Қайпанов қырғызстандық Орозбек Токтомамбетовтен басым түсті.

Күрес 2:1 есебімен палуанымыздың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, өткен жылы Нұрқожа Қайпанов олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әлем чемпионатында 70 келі салмақта үздік атанған.

Бір күн бұрын Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!