Фото: ҰОК
KAZINFORM — Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.
Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.
Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуші Руслан Құрбанов Канададағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енгенін жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!