Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Миланда өткен Әлем Кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Эстафетада Денис Никиша, Мирсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов көзге түсті”, – делінген ақпаратта.

Алтынды Италия, күмісті Канада  мемлекеттері алды. Бұған дейін 2025 жылғы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер тарихи алтын жүлдеге ие болып, чемпион атанған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!