Фото: Республикалық сурдо дзюдо федерациясы

Түркістанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңіске жетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

Сурдо дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Тоқтарбек Айдарбек финалда қарсыласы кореялық Джунгму Янгты жеңді.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде. Спортшыларымыз Айдос Түгелбаев күмісті еншілеп, әйелдер арасында Анна Краморова мен Екатерина Чебышева да екінші орынға жетті. Ал Анастасия Тимошенкова, Еркебұлан Қанафин және Сабыржан Хапизов ел қоржынына үш қола жүлдені сыйлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!