Қазақстандық спортшы, 17 жастағы Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жібек Құлымбетова 28 қазан мен 4 қараша күндері аралығында өтіп жатқан Грекияның Ираклион қаласындағы дүниежүзілік додада Ju-jitsu newaza бөлімі бойынша үздік атанды. Бұл туралы спортшы өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Аталған чемпионатқа әлемнің 56 елінен 2 031 спортшы қатысқан. Жібек Грекия, Израиль, Франция, БАӘ және Моңғолия елдерінен келген қарсыластарынан басым түсіп, өзінің салмағында теңдессіз екендігін тағы бір дәлелдеді.

Жібек Құлымбетова қазақ еліндегі қолдаушыларына алғысын білдіріп, жеңіске жеткеніне қуанышты екендігін жазды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!